Таңдаған суретте көргеніңіз, түсінгеніңіз – тікелей сіздің ішкі жан дүниеңізге, бейсанаңызға байланысты. Яғни, сол сәтте келген ойларыңыз – қазіргі уақытта сіз үшін өте маңызды нәрсе, немесе санаңызды мазалап жүрген бір жәйт бола алады.

Ғани Көбейдің мақсаты – өз туындыларымен сіздерге өздеріңізді көрсету. Сол себеппен жұмыстары «Бейсана айнасы» деп аталады. Өйткені оның айтуынша – әлемдегі ең маңызды адам ол – сіз. Және де суретшінің жеткізгісі келгені – біреуге көмектесер алдын, адам өз өзіне көмектесіп, өзін түсініп алу керек.

Ендеше бізде қалған соңғы кезең – кескіндемеде көргеніңіз бен өміріңіздің байланысы:

                                                     Екеуі бір бірімен қалай байланысады?

Бұл байланысты жаныңыздағы адамға айту арқылы түсіндіруге тырысасыз. Бірақ, егер сіз бұл туралы ешкімге айтқыңыз келмесе олай да болады.

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗ

КОНТАКТЫ

ТЕЛЕФОН: +7(702) 827 90 91

ПОЧТА: AITGALLERY.INFO@GMAIL.COM